Абай облысында алтынды заңсыз өндірмек болғандар анықталды
Прокуратура Жарма ауданында жүргізілген рейд барысында тиісті рұқсатсыз алтын және басқа да пайдалы қазбаларды іздеумен айналысқан 5 тұлғаны анықтады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Олардан металл іздегіштер тәркіленді.
Сот аталған тұлғаларды әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 41 286 теңге мөлшерінде айыппұл салды және жабдықтарды мемлекет кірісіне тәркіледі.
Табиғат қорғау прокуратурасы пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: