Абай облысында күтуші әйел 91 жастағы қарияға қорлық көрсеткен
Абай облысында күтуші әйел 91 жастағы қарияға қорлық көрсеткен, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы әжейдің немересі әлеуметтік желіде жазба жариялап, видеоны бөлісті.
Оқиға Семей қаласында болған.
Облыстық полиция хабарлама бойынша тексеру жүргізілгенін мәлімдеді.
Оның барысында күтуші әйел полиция бөліміне жеткізілген.
«Істің мән-жайын анықтау нәтижелері бойынша оның әрекеттерінен Қазақстан заңнамасында көзделген балағаттау, яғни басқа тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетін қасақана қорлау белгілері байқалады», - дейді полициядағылар.
Полиция бұл мәселені бақылауда ұстайтынын алға тартты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: