Абай облысында сарбаз өліміне кінәлі дәрігер рақымшылыққа ілікті

Абай облысында сарбаз өліміне кінәлі деп танылған дәрігер амнистиямен босатылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Семей гарнизонының әскери соты Абай облысында мерзімді әскери қызметтегі сарбаздың өліміне кінәлі деп танылған дәрігерді амнистия бойынша жазадан босатты.

Аягөз әскери госпиталінің емхана бөлімінің бастығына қатысты шыққан бастапқы үкім – екі жылға бостандығынан айыру жазасы күшін жойды.

Сотталушы «Медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу» бабы бойынша айыпты деп танылған болатын. Алайда сот 38 жастағы дәрігердің асырауында үш баласы барын және қылмыстың ауырлығы төмен санатқа жататынын ескеріп, оған амнистия заңын қолданды. Сонымен қатар, ол медициналық қызметпен айналысу құқығынан да айырылмайтын болды.

Абай облыс Сарбаз өлім

Тақырыпқа жаңалықтар