Абай облысының тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталды

Семей қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде терроризмді насихаттағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сотталушы «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымының ақпараттарын таратқан. Ол ұйым Қазақстанда тыйым салынған.

Бас прокуратура мәләметінше, Семей тұрғыны 2024 жылдың шілде айынан 2025 жылдың сәуір айына дейін «TikTok» әлеуметтік желісіндегі анонимді аккаунттар арқылы террористік сипаттағы материалдарды таратқан. Тіпті, адамдармен сөйлесіп, оларға ұйымды насизаттаған.

«Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігімен (терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды», деп хабарлады Бас прокуратура.

семей Абай облыс террор

Тақырыпқа жаңалықтар