“Адам өлтірген”: Петропавлдың тергеу изоляторында тұтқын өзін өртеп жіберді
Петропавл қаласының тергеу изоляторында сотталушы өзін-өзі дәретхана қағазымен өртеп жіберді, деп хабарлайды Arbat.Media.
11 маусым күні 19:00 шамасында 37 жастағы ер адам аяғына дәретхана қағазын орап, оны өртеген. Тұтқын көпсалалы қалалық ауруханаға дереу жеткізілді. Оның екі жамбасы мен аяғын екінші дәрежелі күйік шалды.
Ер адамның неліктен мұндай қадамға барғаны әлі белгісіз. СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті кісі өлтірді деген күдіктінің Петропавл тергеу изоляторында өртеу әрекетін жасағанын растады. ҚАЖД жақын арада болған оқиғаға түсініктеме беруге уәде берді.
Тұтқынның бұрын да сотталғаны белгілі болды. Ал қазір ол ҚР ҚК-нің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша жауапқа тартылып жатыр екен.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: