Қазақстан жаңалықтары6 маусым 2025, 9:45

“Әкесі мен қызы қаза тапқан”: Петропавлда төрт адам тірідей жанып кетті

Петропавлда екі көлік соқтығысып, төрт адам тірідей жанып кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға 5 маусым күні кешкі сағат жетілер шамасында болған.

ГАЗель мен Mercedes соқтығысып, төрт адам тірідей жанып кеткен. Қаза тапқандардың арасында жеті жасар қыз да бар. Жол апатынан тағы екі адам зардап шеккен.

32 және 39 жастағы екі адам көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде болса, екіншісі травматология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр.

Петропавл Өрт Апат Көлік
4 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 13:16 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 14:29 Қазақстан жаңалықтары
4 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар