Алакөлде паром гидроциклі қағып кеткен әйел екі аяғынан айырылды

Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас ауруханаға аса ауыр жағдайда жеткізілген. Оған көп мөлшерде қан жоғалту және травмалық шок диагнозы қойылған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Дәрігерлер шұғыл кеңес өткізгеннен кейін, науқастың өмірін сақтап қалу үшін жедел операция жасаған. Операция барысында әйелдің екі аяғы да жамбас деңгейінен кесілді.

Оқиғаға байланысты Жетісу облысы полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазір болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр

Қылмыс Дәрігер науқас оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар