Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 25, 26 және 27 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қарашаның аяғында еліміздің оңтүстігінде жылы әрі шуақты ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы +13…+18°С болады.

"Ал солтүстік өңір тұрғындарын жауын-шашын күтіп тұр. Солтүстік-батыс циклоны Қазақстанның солтүстік бөлігіне тез жылжып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, жел және көктайғақ әкеледі", – деді синоптиктер.

Қазгидромет мәліметінше, солтүстік аймақтарда да температура біршама жылы болады: түнде 0…–5°С, күндіз 0…+5°С.

Климат Ауа райы болжам Қараша

Тақырыпқа жаңалықтар