Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет 5, 6, 7 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алдағы күндері солтүстік-батыстан циклон ығысып, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Синоптиктердің айтуынша, елдің батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, кейбір өңірлерде бұршақ та жауады.
"Республиканың солтүстік жартысында күндіз ауа температурасы 20-28 градус жылы болса, оңтүстік жартысында ауа температурасы біртіндеп төмендейді, ал 7 маусымда түстен кейін термометр бағандары 27-35 градусты көрсетеді", - деп жазылған хабарламада.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: