Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы
Мамандар алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Синпотиктердің болжамынша, Қазақстан аумағына кезекті солтүстік-батыс циклоны жылжып келеді, ол тұрақсыз ауа райын тудырады.
Алдағы күндері найзағайлы жаңбыр, екпінді жел күтіледі, еліміздің батысында, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында бұршақ пен дауылмен бірге қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
«Республиканың басым бөлігінде ауа температурасының күрт өзгерісі күтілмейді: күндіз батыста, солтүстікте және шығыста +18…+28°C, ал оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +28…+38°C болады деп күтіледі», - делінген синоптиктер болжамында.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: