Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы
Алдағы күндері 38 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды Arbat.media.
Қазгидромет 6, 7, 8 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында жауын-шашын жауады. Елдің оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында құмды дауыл соғады.
6 мамырда Павлодар және Абай облыстарында, 6–7 мамырда Шығыс Қазақстан облысында түнгі және таңғы уақытта үсік жүруі мүмкін.
Орталықта 27-35 градусқа дейін жылынса, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 38 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: