Алдағы күндері Қазақстанда 23 градусқа дейін аяз болады
Синоптиктер алдағы күндері яғни 18-20 қараша аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн құбылмалы болатынын ескертті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Метеорологтардың мәліметінше, кезекті атлантикалық циклонның әсерінен ел аумағында жауын-шашын (жаңбыр, қар) солтүстік өңірлерде боран, көктайғақ күтіледі.
Тек еліміздің оңтүстік-батысында, 19-20 қарашада шығысында күн жауын-шашынсыз болмақ.
Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, тұман түсуі ықтимал.
Синоптиктердің болжамынша, температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
Тек шығыс өңірлерде түнгі сағаттарда ауа температурасы -6...-23 градусқа дейін төмендеп, күндіз +2...+10 градус жылы болады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: