Алдағы үш күнде еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» мамандары алдағы үш күнде еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
27–29 шілде аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жаңбыр, найзағай мен аптап ыстық болатынын ескертеді. Кей өңірлерде бұршақ жауып, жел екпіні күшейеді.
Астанада ауа райы келесідей болмақ:
- 27 шілде – күн бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және шквалды жел болады. Жел жылдамдығы – 15–20 м/с дейін.
- 28 шілде – кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Ауа температурасы – түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C.
- 29 шілде – бұлтты ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады.
«Астана қаласында қатты жел мен бұршақ болу қаупі бар, тұрғындар ауа райы болжамын жіті қадағалауы керек», – дейді Қазгидромет.
Алматыда да күн құбылмалы болады:
- 27 шілде – жауын-шашынсыз, күндізгі ауа температурасы +37…+39°C дейін жетеді.
- 28–29 шілде – күндіз және таңертең жаңбыр, найзағай күтіледі.
- Жел екпіні 13 м/с дейін жетеді.
«Алматыда аптап ыстықтың әсерінен өрт қаупі жоғарылайды. Ашық алаңдарда ұзақ болмауға кеңес береміз», – деп ескертеді мамандар.
Оңтүстіктегі қалада жауын-шашын болмайды:
- 27–29 шілде аралығында – күн бұлтты болғанымен, температура күндіз +35…+37°C.
- Жел – солтүстік-батыстан 8–13 м/с.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: