Әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміне 23 азық-түлік іріктелді
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміне 23 азық-түлік іріктелді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Үкімет баға өсіміне ең көп ықпал етіп отырған 30 тауарды анықтады.
Ол тауарлар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізбесіне кірмейді. Олардың қатарында түрлі ет, балық, алмұрт, алма, лимон, шай, сыр, суықтай қақталған скумбрия, банан, қызанақ, қияр да бар.
"Осы тізімнің ішінен әлеуетті түрде әлеуметтік маңызы бар тауарлар қатарына енгізуге болатын 23 позиция іріктелді. Ендігі міндет – бұл ұсыныстарды бизнес өкілдерімен талқылау", — деді сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.
Айта кету керек, тізбенің кеңейтілуі кәсіпкерлер үшін бірқатар міндеттеме орындауды талап етеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: