Әлиев Нахчыван әуежайына жасалған шабуыл туралы мәлімдеме жасады
Әзірбайжан президенті Иранның шабуылын "террористік акт" деп атады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бүгін Нахчыван әуежайы мен бір мектеп маңында дрондар құлады. Кейін президент Ильхам Әлиев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді.
Оның сөзінше, Иран бұл оқиға бойынша түсініктеме беріп, кешірім сұрауы тиіс. Террорлық актіге қатысы бар адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуы қажет деді.
Сонымен қатар ол Әзірбайжанға қарсы террористік әрекет жасағандар өкінетінін жеткізді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: