Алматы облысында болған жол апатынан тағы бір үндістандық студент көз жұмды

6 қаңтар күні болған жол апатынан тағы бір үндістандық студент қайтыс болды. Бұған дейін 2 Үндістан азаматы мерт болған еді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Үндістанның Қазақстандағы елшілігі мәлімдеді. 6 қаңтардан бері жансақтау бөлімінде жатқан 2001 жылы туған студент ауруханада көз жұмды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, «Toyota Alphard» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, көлікті аударып алған. Жүргізуші де алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.

Үндістанның Астанадағы елшілігі көлікте 4 үнді студенті және бір турсит болғанын хабарлады.

Марқұмдардың мәйітін еліне жеткізу мәселесі бойынша ұйымдастыру жұмысы жүргізілуде.

Үндістан Алматы облыс Апат

Тақырыпқа жаңалықтар