Алматы паркингіндегі өрттен 100-ге жуық тұрғын түнде эвакуацияланды
Алматының Бостандық ауданындағы Абай көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің тұрғындары түнде өрт салдарынан үйлерінен шығарылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға паркингте болған. Онда электр қуатын беретін кабель тұтанған.
Төтенше жағдайлар қызметіне хабар түскеннен кейін 5 минут ішінде алғашқы өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен. Құтқарушылар баспалдақ арқылы 100-ге жуық адамды, оның ішінде 19 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.
Өрт көп ұзамай сөндіріліп, тұрғындарға пәтерлеріне қайта оралуға рұқсат берілді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: