Алматы сот белсенді Санжар Боқаевты екі айға қамауға алды

Бұл жөнінде адвокат Диас Ахметовке сүйенген журналист Вадим Борейко мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

19 наурызда Алматының тергеу соты белсенді Санжар Боқаевты екі айға қамады.

Адвокаттың сөзінше, Боқаев ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматыдағы тергеу изоляторында қамауда болады.

Естеріңізге сала кетейік, 18 наурыз белсенді Санжар Боқаев ұсталды.

Бас Прокуратура ақпаратына қарағанда, Боқаев табысы аз адамдарға ақша беріп, ағаш кескізіп, ұрлық жасауға тапсырыс берген.

Прокуратура «Боқаев аса ірі мөлшерде қаржыны алаяқтық жолмен жымқырды, жалған ақпарат таратты және қоғамды теріс пікір қалыптастыру мақсатында видео жариялады» деп хабарлады.

Бұған дейін ол Алматыдағы мәселелерді көтеріп жүрген. Кейін белсенді болудан шаршағанын айтып, АҚШ-қа көшіп кеткенін хабарлаған.

Боқаев қамалды Алматы сот

Тақырыпқа жаңалықтар