Алматы тауларында турист қаза тапты
Алматы тауларында қар көшкінінің астында қалған турист қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алматы қаласының Медеу ауданында, Титов асуы (биіктігі 3400 м) маңында екі турист қар көшкінінің астында қалған, олардың бірі өздігінен аман шыққан.
Оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД-нің 23-әмбебап құтқару бөлімшесі, «Барыс» РММ қызметкерлері, кинологиялық жасақ пен еріктілер жіберілді. Іздестіру-құтқару барысында ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды.
Құтқару операциясы кезінде қар астынан бір адамның мәйіті табылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: