Алматы тауларында жоғалып кеткен үш жігіттің үшеуі де өлі табылды

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 26 желтоқсанға қараған түні 112 пультіне бір қыздан хабарлама түскен. Ол ағасының екі досымен бірге 24 желтоқсан күні таңертең тауға кеткенін және қайта оралмағанын айтқан, деп хабарлайды Arbat.Media.

Хабарлама түскеннен кейін болжамды іздеу аймағына ТЖМ-нің күштері мен құралдары жедел түрде жұмылдырылды.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды.

“Ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен “Локомотив” шыңы ауданында бір адамның мәйіті табылды. ТЖМ әуе кемесі арқылы теңіз деңгейінен 3700 метр биіктіктен төмен түсіру жұмыстары жүргізіліп, мәйіті полиция қызметкерлеріне тапсырылды”, – делінген хабарламада.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қаза тапқан адамның жеке басы сараптама қорытындысынан кейін анықталады.

Тағы 2 адамның мәйіті де көп ұзамай табылды.

Алматы тау мәйіт мерт болды

Тақырыпқа жаңалықтар