Алматы зообағындағы мүйізтұмсыққа ер адам тас лақтырған
Алматы зообағындағы мүйізтұмсыққа ер адам тас лақтырған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы зоопаркке келген келуші Threads желісінде жазды. Оның айтуынша, жануар тор ішінде тыныш тұрған кезде белгісіз ер адам оған тас тәрізді зат лақтырған.
Зообақ әкімшілігі мүйізтұмсықтың жағдайы жақсы екенін мәлімдеді: мамандар жануарды қарап шыққан, оның денсаулығына қауіп жоқ, ешқандай жарақат анықталмаған.
Қазір ішкі тексеріс жүргізіліп жатыр, бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп жатыр. Ер адамның жеке басын анықтау және оны жауапкершілікке тарту үшін материалдар полицияға жіберілген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: