Алматыда дәрігерлер бес жасар баланың жұлынып кеткен саусағын қайта қалпына келтірді

Алматыда бес жасар бала аулада ойнап жүріп, саусағын металл қақпаға қысып алған. Салдарынан саусағы түбінен жұлынып кеткен, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алматыдағы №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері шұғыл түрде күрделі микрохирургиялық ота жасады. Төрт сағатқа созылған операцияда хирургтер диаметрі 1 мм-ден аспайтын күретамырды, сіңірлерді, жүйке талшықтары мен қан тамырларын жалғаған.

Нәтижесінде баланың жұлынып кеткен саусағы толықтай қалпына келтірілген. Операция МӘМС қаражаты есебінен тегін жасалған.

Алматы дәрігерлер Ота Хирургтер

Тақырыпқа жаңалықтар