Алматыда екі қабатты ғимараттан өрт шықты
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өрттен зардап шеккен 4 адам ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Arbat.Media.
Екі науқас жансақтау бөлімінде аса ауыр халде жатыр.
Тағы екі науқастың жағдайы орташа ауырлық дәрежеде деп бағаланады.
«Барлық зардап шегушіге қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Жағдай қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бақылауында», - дейді басқарма.
Құтқарушылар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: