Алматыда екі жасар баланың басына қайшы кіріп кеткен

Алматыда екі жасар баланың басына қайшы кіріп кеткен, деп хабарлайды Arbat.Media.

Дәрігерлердің мәліметінше, бүлдіршін қайшымен жүгіріп жүріп, сүрініп құлаған сәтте өткір зат маңдай тұсына кіріп кеткен.

«Ауруханаға түскен кездегі жағдайы ауыр болды. Балада әлсіздік, мазасыздық, құсу, терінің бозаруы және жарақат аймағында айқын ісіну байқалды», - дейді дәрігерлер.

Қайшыны алу шамамен 10 минутқа созылды.

Одан кейін науқас бір апта бойы дәрігерлердің бақылауында болған.

Оның жағдайы жақсарып, үйіне шығарылды.

Алматы Бала қайшы Аурухана
10 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар