Алматыда екі жасөспірім түрмеден қашты
Алматыдағы кәмелетке толмағандарға арналған түзеу мекемесінде екі жасөспірім сотталушы қашуға әрекеттенді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқыс оқиғаны ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) растады.
Telegram-арналарда тараған ақпаратқа сәйкес, қашуға әрекеттенгендердің бірі дереу ұсталған, ал екіншісі уақытша бой тасалаған. Алайда кейінірек ол да қолға түсті.
«Кәмелетке толмаған сотталғандарға арналған мекемеде қашу әрекетінің жолы кесілді. Қашуға әрекеттенген сотталушы жедел түрде ұсталды», – деп хабарлады комитет.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, мекеме қызметкерлерінің әрекетіне қатысты қызметтік тергеу тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: