Алматыда электрошокермен әзілдеген ер адам 10 тәулікке қамалды

Алматыда электрошокермен әзілдеген ер адам 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алматыда 34 жастағы ер адам қоғамдық жерде электрошокерін көрсетіп, түрлі заттарға қолданып жүргені үшін 10 тәулікке қамалды.

Видеода оның өзін түсіріп тұрып, қасында тұрған адамның темір тіреуішіне электрошокерді жақындатқаны байқалады. Тоқ темір арқылы өтіп, әлгі адамның қолындағы шайы төгіліп қалады. Ер адам болса бұған күліп тұрған.

Полиция электрошокерді адамдарға тікелей қолданбағанымен, бұл әрекет жұртты шошытып, қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде бағаланған.

Алматы блогер қамалды полиция

Тақырыпқа жаңалықтар