Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 132 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды

Тексеру барысында көші-қон заңнамасын бұзған 1040 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 132 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Abrat.Media.

Сондай-ақ 800-ден астам шетелдік елде болу тәртібін сақтамауына байланысты жауапқа тартылды. Ал 198 адамға шетел азаматтарының заңды түрде болуын қамтамасыз етпегені үшін әкімшілік шара қолданылды.

Бұдан бөлек, мемлекетаралық іздеуде жүрген екі шетел азаматы ұсталды.

тексеріс көшті Шетел азамат

Тақырыпқа жаңалықтар