Қазақстан жаңалықтары5 тамыз 2025, 10:21

Алматыда Қарғалы өзенін ластағандар іздестіріліп жатыр

Алматыда Қарғалы өзенін ластап, өзенге жасыл түсті химиялық зат төккендер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Кеше, 4 шілде күні Жандосов көшесі мен Абай даңғылының арасындағы аумақта Қарғалы өзеніндегі судың түсі өзгерген. Кінәлілер көпірден өзенге жасыл түсті химиялық зат төккен болуы мүмкін.

«Мамандар оқиға орнын тексеріп шықты. Заттың құрамын анықтап, өзеннің қаншалықты ластанғанын білу үшін су сынамасы алынып, зертханаға жіберілді. Бұл жағдайдың себебін және кінәлі тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі», - деп хабарлады қала әкімдігі.

Айта кетейік, қазіргі таңда ластану мен түсінің өзгеру белгісі жоқ.

Алматы облыс Қарғалы қала өңір
18 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
18 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
18 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
17 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар