Алматыда танымал әншінің жалғыз ұлы жоғалып кетті
Әлеуметтік желіде Алматыда Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлы Баирдың із-түссіз жоғалғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы журналист Жазира Бегалы өзінің парақшасында жазды, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Әйгілі әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлы жоғалып кетті. Бір аптадан бері Баирдан хабар жоқ. Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы екен. Енді Баир қайда жүр екен? Келіншегі журналистерден көмек сұрапты», - деді Бегалы.
Жарияланған ақпаратқа сәйкес, Баир 24 наурызда Медеу ауданындағы үйінен шығып кеткен және содан бері хабар жоқ.
Полиция түсініктемесі
Алматы Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
«Медеу аудандық полиция басқармасы іздестіру ісін қозғады. Қазіргі таңда Баирды табу үшін барлық іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - деді ПД өкілі.