Алматыда тауға кеткен 1 адамның мәйіті табылды
Қалалық ТЖД мәліметінше, 26 желтоқсанға қараған түні қала тұрғынынан хабарлама түскен, деп хабарлайды Arbat.Media.
Әйел бауыры екі досымен бірге 24 желтоқсан күні таңертең тауға кетіп, қайта оралмағанын айтқан.
Олардың байланысқа шықпағанына 12 сағаттан асқан. Хабар түскеннен кейін ТЖМ күштері жұмылдырылып, тікұшақ көтерілді.
Дрон арқылы «Локомотив» шыңы маңынан бір адамның денесі табылды.
Мәйіт теңіз деңгейінен 3700 метр биіктіктен төмен түсіріліп, полицияға тапсырылды.
Қалған екі адам іздестіріліп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: