Алматыда түнгі жол апатынан екі бойжеткен қаза тапты
27 шілдеде түнгі сағат 3:10-да Алматының Рысқұлов даңғылында Suzuki және Mercedes маркалы екі автокөлік соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Апат Рысқұлов даңғылы мен Шарипов көшесінің қиылысында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, Suzuki көлігінің жүргізушісі бұрылыс жасау кезінде Mercedes көлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Suzuki жүргізушісі мен оның бір жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал екінші жолаушы мен Mercedes жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта осы қайғылы жағдайға байланысты тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы мен нақты себептері анықталып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: