Алматыда жаңа әкім сайлануы мүмкін
Алматы әкімі Ерболат Досаев отставкаға кетуі мүмкін, деп хабарлайды Arbat.media.
Ертең, 24 мамыр күні Алматыда мәслихат депутаттары қаланың жаңа әкімінің кандидатурасын қарайды. Бұл туралы gov.kz порталында хабар тарады. Ертең VIII сайланымдағы Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының жиналысы өтеді. Жиналыста депутаттар қаланың жаңа әкімінің кандидатурасын қарайды.
Жиын сағат 12:00-де Республика алаңы, 4 мекен-жайында өтеді.
Алматы әкімі лауазымына кімдер ұсынылғаны туралы әлі ақпарат жоқ. Кандидаттар отырыста таныстырылады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: