Алматыда заңсыз салынған таунхаус иесі өзін өртеуге тырысты

Бостандық ауданы Ерменсай шағын ауданындағы «Жаңару» кооперативінде заңсы салынған үш қабатты тұрғын үй бұзылды. Бірақ ғимараттың иесі өзін өртеп, қорқытпақ болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы депутат Бақытжан Базарбек мәлімдеді. Оның сөзінше, меншік иесі шаруа қожалығы мен бау-бақшаға арналған учаскеде екі көппәтерлі үй тұрғызған. Ғимараттың рұқсат етілген құжаттары жоқ болып шыққан. Сондықтан сот ғимартты бұзуға шешім шығарған.

Алайда ғимаратты бұзу кезінде ер адам арандату әрекеттерін жасаған. Ол өзін өртеуге тырысқан. Соған қарамастан тұрғын үй бұзылды.

Ақпарат Аудан Алматы үй
Бүгін, 9:28 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 11:31 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 14:12 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар