Қазақстан жаңалықтары21 қыркүйек 2025, 18:29

Алматыда жер сілкінісі тіркелген

Алматыда жер сілкінісі тіркелген, деп хабарлайды Arbat.Media.

Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялары желісі 2025 жылғы 21 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 16:25:19-да жер сілкінісін тіркеген.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан 9 км оңтүстік-батыста орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 7.2, MPV магнитудасы – 3.8.

Алайда Алматы қаласында жер сілкінісі сезілмеген. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Алматы жер сілкінді сейсмолог маман
25 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
25 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
26 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар