Қазақстан жаңалықтары12 қаңтар 2024, 12:17

Алматыда жер сілкінісіне сейсмолог болжамы

Алдағы аптада Алматының сейсмикалық белсенді аймағында күшті жер сілкінісі күтілмейді. Бұл туралы ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы директорының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков мәлім етті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform жариялады.

Нұрсәрсен Өзбековтің айтуынша, Сейсмология институты апта сайын болжамның бірнеше түрін жасап, аймақтағы сейсмикалық жағдайға баға береді.

10 қаңтарда болжамдық комиссия күрделі сейсмологиялық материалдарға сүйене отырып, 10 қаңтар мен 17 қаңтарды қоса алғанда, аптаның қысқа мерзімді кезеңіне қорытынды жасады.

«Қорытындыға сәйкес, Алматы сейсмикалық белсенді өңірінің аумағында эпидошағында 7 баллдан асатын күшті жер сілкінісі күтілмейді. Сондай-ақ бір жыл ішінде сейсмологтар осындай 52 қорытынды жасап, төтенше жағдайларды жою органдарына тікелей жібереді», - деді Нұрсәрсен Өзбеков.  

Сонымен қатар ол әлеуметтік желіде тараған «15 қаңтар күні Алматыда жер сілікінісі болады» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті. 

Алматы Жер сілкінісі сейсмолог болжам

Тақырыпқа жаңалықтар