Алматыдағы 3 адамның өмірін қиған жол апаты: Жүргізуші күзет бақылауында емделіп жатыр

Алматыда үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысы бар Zeekr көлігінің жүргізушісі қазір медициналық мекемеде күзет бақылауында ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Полицияның мәліметінше, оның жағдайы тұрақталғанда, ол уақытша ұстау изоляторына жеткізіледі.

Жол апаты бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша ең қатаң жаза – 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

“Оқиғаға қатысқан және оның қатысы бар барлық тұлғалар анықталды. Әрқайсысына әкімшілік іс қозғалды, материалдар сотқа жіберілді, көліктер айып тұрағына қойылды. Ешкім жауапкершіліктен қаша алмайды”, – деді Алматы ПД бастығының орынбасары Рустам Шарибаев.

Барлық бейнебақылау камераларының және жеке камералардағы жазбалар алынып, іс материалдарына тіркелген. Қазір олар зерттеліп жатыр.

Алматы Жол апаты емдеу Көлік

Тақырыпқа жаңалықтар