Қазақстан жаңалықтары3 маусым 2025, 18:55

Алматыдағы құрылыс алаңында үлкен кран жұмысшының үстіне құлап мерт қылды

Алматыда құрылыс жұмыстары жүріп жатқан алаңда кран құлады. Бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Қайғылы оқиға бүгін, 3 маусым күні болды. ТЖМ қызметіне Сәтпаев көшесі, 90/2 мекенжайындағы құрылыс алаңында мұнара кранының құлағаны және бір адамның қаза тапқаны туралы полициядан хабарлама келіп түскен.

«Оқиға орнына бірден арнайы мамандар жіберілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, қаза тапқан ер адам кран операторы болып жұмыс істеген. Полиция қылмыстық іс қозғады.

 

 

Алматы Апат Кран құлады

Тақырыпқа жаңалықтар