Алматыдағы жол апатынан кейін бірнеше басшы қызметінен босатылды

Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті жүргізуші сот санкциясымен қамауға алынған, деп хабарлайды Arbat.Media.

“Менің тапсырмам бойынша Алматыға ішкі қауіпсіздік департаментінің, әкімшілік полиция комитетінің және қызметтік құраммен жұмыс департаментінің қызметкерлері жіберілді. Кешенді тексеру жүргізілуде”, – деді министр.

Сонымен қатар басқа да заң бұзушылықтардың болуы туралы уәждер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Бірқатар басшы атқарып отырған қызметтерінен босатылды.

“Барлығына құқықтық баға берілетінін ерекше атап өтемін. Ешкім де жауапкершіліктен жалтара алмайды. Заң бәріне ортақ”, — деп жазды министр.

Алматы Апат Көлік Аудан

Тақырыпқа жаңалықтар