Алматылық жас математиктер халықаралық олимпиададан жүлде иеленді

Алматылық жас математиктер халықаралық олимпиадада 16 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алматы қаласындағы №90 мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушылары Түркияның Анталия қаласында өткен FEMO халықаралық математикалық олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетті.

Биылғы білім бәйгесіне 18 елден 6 мыңнан астам оқушы қатысқан. Финалдық кезеңге 570 оқушы жолдама алып, олардың шамамен 200-і жүлдегер атанды.

16 оқушыдан құралған команданың барлық мүшесі жеңімпаздар қатарынан көрінді. Нәтижесінде олар 6 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды.

Алматы Олимпиада чемпион Жарыс

Тақырыпқа жаңалықтар