Алматының экс-әкімі Досаев жаңа қызметке тағайындалды
Алматының экс-әкімі жаңа лауазымға ие болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды», - деп хабарлады Ақорда.
Досаев 1970 жылы Алматыда дүниеге келген. 1987 жылы Алматы қаласының О.Жәутіков атындағы Республикалық физико-математикалық мектеп-интернатын бітірді.Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін бітірді.2022 жылдың 31 қаңтарынан Алматы қаласының әкімі болды. Биыл 24 мамырда қызметінен кетті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: