Ақауы бар ақылы жол учаскесінде жүру тегін болады

15 қыркүйектен бастап республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда төлем ережелері өзгерді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Көлік министрлігінің мәліметінше,

қазіргі уақытта елімізде 27 ақылы жол бар.

«Ақылы автожолда жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін және жөндеуді талап етіп тұрған жол учаскесі болса, дәл сол аралық үшін жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін төлемақы алынбайды. Мысалы, егер ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 100 шақырымды құраса, оның 5 шақырымы жөндеуді талап етсе, жүргізушілер тек 95 шақырым үшін ғана ақы төлейді», - делінген хабарламада.

Жаңа ереже республикалық және халықаралық маңызы бар барлық ақылы жолға қолданылады.

ақау Жол ақылы болады

Тақырыпқа жаңалықтар