Ақмола облыстық балалар ауруханасында екі тәулікте 3 бала көз жұмды
Ақмола облыстық балалар ауруханасында екі тәулікте 3 бала көз жұмды, оның біреуі солтүстікқазақстандық сүндеттелген бала, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.
Ақмола облыстық көпбейінді облыстық балалар ауруханасының директоры Мұхтар Досхожиннің мәліметінше, қайтыс болған баланың екеуі 2022 жылы туған ұл мен қыз, Зеренді ауданы мен Степногор қаласының тұрғындары.
«Екеуі де туа біткен мүгедек, қаңтардың 30-да көз жұмды. Қыз бала Зеренді ауданынан неврологтың есебінде тұрған. Оған микроцифалия, симптоматикалық эпилепсия, ауыр деңгейдегі церебралды сал ауруы диагноздары қойылған. Тек өткен жылдың өзінде ол ауруханаға 11 рет түсіп, алты рет жансақтау бөлімінде жатқан, Ұл бала бала степногорлік, туа біткен мүгедек болғандықтан, ата-анасы бас тартқан. Кардиолог, невролог дәрігерлердің есебінде тұрған. Былтыр 6 рет ауруханаға түсіп, үш рет жансақтау бөлімінде жатқан», - деп түсіндірді Мұхтар Досхожин.
Үшіншісі Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданынан түскен 10 жасар ұл бала. Ол 28-ші қаңтарда Көкшетауда сүндеттелген.
«Отта сәтті өтіп, үйіне жіберілді. Арада бірнеше күн өткенде бала ауырсынып, ата-анасы қайта ауруханаға алып келді. Дәрігерлер оның өмірі үшін барын салды. Алайда, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Қаңтардың 31-де сағат 18:20 биологиялық өлімі тіркелді. Алдан ала «Анафилактикалық шок немесе өкпе артериясының бітелуі», диагнозы қойылды. Сонымен бірге, сот-медициналық сараптама тағайындалды», - қосты Мұхтар Досхожин.