Ақмола облысында дәмханада болған жарылысқа қатысты кінәлілер сотталды
Ақмола облысы Щучинск қаласында,12 адамның өмірін қиған дәмханадағы жарылысқа қатысты кінәлілерге үкім шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сот алдында үш адам жауап берді. Олар – дәмхананы жалға алушы, автогаз құю станциясының директоры және газ баллондарын жеткізуші. Кәсіпкер соңғы сөзінде мекеменің жұмысын толық басқарушыға сеніп тапсырғанын алға тартты.
Сондай-ақ, зардап шеккендерге қолдау көрсетіп, арнайы орталық ашқанын айтып, көпшіліктен кешірім сұрады.
Кәсіпкер мен автогаз құю станциясының директоры 7 жылға, ал газ баллондарын жеткізуші 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: