Ақмола облысында танысын қорқытып, оған несие алдырған адам ұсталды

Ақмола облысында бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдікті бұрынғы танысын қорқытып, ірі көлемде тауарлық несие рәсімдеткен, деп хабарлайды Arbat.Media azattyq-ruhy-на сілтеме жасап.

Бурабай аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, жәбірленуші Щучье қаласының 33 жастағы тұрғыны. Тергеу дерегі бойынша, қаскөй жәбірленушіні физикалық күш қолданамын деп қорқытып, оның атына iPhone 15 смартфоны мен ерлерге арналған алтын жүзікті несиеге алдырған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 950 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Тәртіп сақшылары айғақ ретінде ұялы телефонды тәркіледі.

«Күдікті азамат бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған болып шықты. Сондай-ақ, ол Щучье қаласында орын алған тағы бір бопсалау дерегіне қатысы бар деген күдікке ілінді», — деп хабарлады Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ақмола облыс бопсалау сот

Тақырыпқа жаңалықтар