Ақтау кәсіпорнындағы апаттан зардап шеккен төрт адамның бірі қайтыс болды
"ҚазАзот" АҚ химиялық кәсіпорнында 18 шілдеде болған техникалық апат нәтижесінде зардап шеккен төрт адамның бірі қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Басылымның хабарлауынша, бастапқыда ер адамның өлімі туралы ақпарат бейресми дереккөзден түскен. Артынша Маңғыстау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті өкілдері 28 шілдеде зардап шеккен жұмысшы көз жұмғанын растады.
"Мұнайлы ауданында тұрған және кран машинисі болып жұмыс істеген 1968 жылы туған ер адам көз жұмды. Оқиғаға қатысты комиссия құрылып, мән-жайлар тергеліп жатыр", - деп мәлім етті еңбек инспекциясы өкілдері.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: