Ақтауда полицей аулада жүрген 1,5 жасар сәбиді қағып өлтірді
Ақтауда полицей аулада жүрген 1,5 жасар сәбиді қағып өлтірді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қайғылы оқиға 13 мамырда болған.
Полицияның қызметтік көлігі сәбиді қағып кеткен.
Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.
Маңғыстау облысының полиция басшылығы бұл оқиғаны ерекше бақылауға алды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: