Ақтауға ұшақ апатында қаза тапқандардың туыстары келді

Ақтауға былтырғы ұшақ апатында қаза тапқан экипаж мүшелерінің және жолаушылардың туыстары келді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Олардың арасында Әзербайжанның ұлттық батырлары Хокума Әлиева, Игорь Кшнякин, Александр Кальяниновтың жақындары да бар.

Сапарды Әзербайжанның Қазақстандағы консулдығы мен AZAL әуекомпаниясы ұйымдастырған.

Еске салайық, 2024 жылы 25 желтоқсанда Ақтау әуежайынан үш шақырым жерде AZAL әуекомпаниясының Embraer ұшағы апатқа ұшыраған. Баку – Грозный бағытымен ұшқан әуе кемесінде 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 38 адам қаза тапты.

Ақтау Ұшақ Апат Әзірбайжан

Тақырыпқа жаңалықтар