Ақтөбеде 18 шетел азаматы ұсталды

Ақтөбе облысында шекарадан жасырынып өтпек болған 18 шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Олар жүк көлігінің тіркемесіне жасырынып, шекарадан өтуге әрекет жасаған. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі хабарлады.

Сондай-ақ Солтүстік Қазақстанда 5100 литр химиялық зат тәркіленіп, есірткі зертханалары жойылды. Ал Жамбыл облысында құны 1 млрд теңгеге бағаланатын 160 тонна кен мен бағалы металдар концентраттарын шетелге заңсыз әкетпек боғландар ұсталды.

Аталған фактілер бойынша материалдар құзырлы органдарға жолданды.

Ақтөбе шекара Қызмет Шетел

Тақырыпқа жаңалықтар