Ақтөбеде автогаз құю станциясында жарылыс болды
Бүгін, 3 наурызда Ақтөбеде автогаз құю станциясында жарылыс болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
ТЖМ мәліметінше, Ақтөбе қаласының «Кирпичный» тұрғын алабында орналасқан автогаз құю станциясының жерүсті резервуарында газ-ауа қоспасы жарылған.
Салдарынан екінші жерүсті цистерна, газ тасымалдаушы автокөлік және операторлық бөлме өртенді. ТЖД мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге 60 құтқарушы және 16 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: