Ақтөбеде Гонконг вирусының 11 жағдайы тіркелді

Ақтөбеде Гонконг вирусының 11 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қала тұрғындары соңғы күндері жоғары температура мен тоқтаусыз жөтел белгілерімен жиі шағымданып жатыр. Ауру әсіресе балалар арасында белең алып, олардың дене қызуы 38°-тан жоғары көтеріліп, қатты жөтел мен әлсіздік байқалады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 12 қарашадағы жағдай бойынша зертханалық тексеріс нәтижесінде Гонконг вирусының (А типті тұмау H3N2) 11 жағдайы расталған.

Мамандар атап өткендей, бұл вирус – күз бен қыс айларында жыл сайын таралатын маусымдық тұмаудың кіші түрі. Яғни, жаңа штамм емес.

Ақтөбе Вирус жағдай Аурухана

Тақырыпқа жаңалықтар